Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
Жайықтың деңгейі көтеріліп, Атырау облысындағы Талдыкөл ауылына қауіп төніп тұр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан тұрғындарды Атырау қаласына эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға көмек көрсетуде.
"Осы сағатта Талдыкөл ауылынан 129 тұрғын, оның ішінде 102 бала эвакуацияланды.138 адам, оның ішінде 62 бала өздігінен эвакуацияланып, туыстарына орналасты. Эвакуация жұмыстары жалғасуда",- делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта елді мекеннің тұрғын үйлерін су басқан жоқ.