Bugin

Сан-Францискода үйсіз азаматтарға алкоголь беруді сынға алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Reuters 

Сан-Франциско билігі үйсіздерге арналған алкогольге жыл сайын 5 миллион доллар жұмсайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы turkystan.kz-ке сілтеп.

San Francisco Chronicle басылымы төрт жыл бұрын Сан-Францискода "Алкоголь бағдарламасы" құрылғанын атап өткен. Ол алкогольді үйсіздерге көмек көрсетуге арналған.

Ел сарапшылары тегін алкогольді "адамдардың көшелер мен жедел жәрдем бөлмелерінен, түрмелерден немесе мәйітханалардан аулақ жүруіне септігі тиеді" деп санайды.

Ал Сан-Франциско Қоғамдық денсаулық сақтау шенеуніктері осы әрекеті арқылы қаланың жедел қоңыраулар санын азайтып, алты айда 1,7 миллион доллар үнемдегенін анықтады.

Бұл жұмыстарды абстиненцияны насихаттайтын жергілікті белсенділер сынға алды. Олар нашақорлар мен маскүнемдерге тегін дозалар беру олардың мәселелерін шешпейтінін алға тартады.

Дегенмен ел зиялыларының арасында бұл бағдарламаны қолдайтындары да анықталды.