Bugin
Фото: freepik.com
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында алдағы жазда орман өртінің шығу қаупі жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде республика бойынша 27 орман өрті және 122 дала өрті тіркелген. Олардың көпшілігі министрлік күштерінің, соның ішінде авиацияның қатысуымен жойылды.
"Болжам бойынша, жаз мезгілі ыстық болады деп күтілуде, дала өртінің шығу қаупі жоғары. Осыған байланысты барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктерден орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық жоспардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету талап етіледі. Өз кезегінде министрлік еліміздегі өрт қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды", — деді Шыңғыс Әрінов.