Bugin

Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкенттік мектеп оқушысы үйінде өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға 12 мамырда болған. Бұл оқиғаға қатысты полиция департаменті түсініктеме берді.

Суицидке не себеп болғаны әзірге нақты белгісіз. Мектептегілер оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартқан. Білім басқармасының баспасөз қызметі 11-сынып оқушысын белсенді және оқу үлгерімі жақсы деп сипаттады.

"2024 жылдың 12 мамырында 11-сынып оқушысының өз бөлмесінде өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды, бұл мектеп әкімшілігінің мәліметінше, ол оқу үлгерімі жақсы оқушы болған", – деп хабарлады Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір бұл іс Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бақылауында.