Bugin
Фото: depositphotos
Маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусымға сәйкес келеді. Бірақ діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты. Сол себепті мереке күні көрсетілген уақыттан бір күн артқа шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.
Маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады:
1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.
Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады:
1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.