Bugin
Фото: Видео скрині
Желіде Шымкенттік кәсіпкердің есек етін сатып жүргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы turkistantvkz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Қала тұрғыны мал етіне ветеринариялық инспекция мен құзырлы органдардың рұқсаты жоқ екенін айтып, наразылық білдірген.
Кәсіпкердің ет өңдейтін қоймасынан есектің сирақтары мен ішектері тасталған шұңқыр табылды. Сондай-ақ есекті союға арналған арнайы орын мен етін сақтайтын тоңазытқыш та бар.
Шымкент әкімдігі хабарлауынша, қызметі тіркелмеген шаруа қожалығында 104 бас есек пен 36 бас уақ мал бары анықталды.