Bugin

Су тасқыны: қанша қазақстандық өз үйіне оралды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: akorda.kz

Су тасқыны басталғаннан бері 14 мамырдағы жағдай бойынша 60 271 адам өз үйлеріне оралды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 5 360 адам уақытша орналасу пункттерін паналауда. 

"Бүгінде 19,9 млн еріген қар суы сорлып, 11 205 жеке тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 7,8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді",- делінген хабарламада.

Өткен тәулікте Атырау облысында Жайық өзенінің арнасында су деңгейінің көтерілуіне байланысты Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында 396 адам эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйлеріне алдын ала эвакуацияланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61