Bugin

Қазақстанда медициналық тексеруден өту ережелері өзгерді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 2 мамырдағы бұйрықпен міндетті медициналық тексерулер туралы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Атап айтқанда, жаңа редакцияда "көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру" тізбесі баяндалған.

Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші (медициналық ұйымдар) арқылы жүзеге асырылады, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет порталы арқылы алады.