Bugin

Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген сот үкімін өзгертті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасы өзгертілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы заңгерлер Анна мен Олег Черновтар инстаграм парақшасында айтты. 

"Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Болат Нұрасылға үкімін өзгертіп, екі жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған Жоғарғы сотқа алғыс айтамыз. Демек, ол шетелге шыға алмайды, клубтар мен барларға бара алмайды, ішімдік іше алмайды және басқа да қылмыстарды жасай алмайды, пробация қызметіне хабарлап, күн сайын сағат 23:00-де үйде болуы керек", –  деп жазды үкім туралы.

 

Адвокаттар түсіндіргендей, Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бұл шарттарды бұзса, сот шартты жазаны нақты мерзімге ауыстырып, оны колонияда өтейтін болады.