Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Ирандық режиссер сот үкімінен кейін елден қашып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.
Берлин кинофестивалінің жеңімпазы, ирандық режиссер Мохаммад Расулоф өткен аптада сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. Оның бір туындысына қатысты іс қозғалды.
Алайда режиссер сот үкімі шыққаннан кейін жасырын түрде отанынан кетіп қалған. Расулоф елден кету туралы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қимайтынын айтты.
"Шешім қабылдауға көп уақытым болмады. Маған түрме мен Ираннан кетудің бірін таңдау керек болды. Мен қуғынды таңдадым. 2017 жылдың қыркүйегінде Ислам Республикасы менің төлқұжатымды тартып алды. Сондықтан Ираннан жасырын кетуге тура келді", - деп түсіндірді режиссер.