Bugin

Мектеп оқушысы әлем чемпионатында жеңіске жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Қазақстандық оқушы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

6-сыныпта оқитын жас шахматшы Айару Алтынбек Перу астанасында өткен байқауда үздік атанды. Бұл туралы Шахмат федерациясы мәлімдеді.

Классикалық шахматтан оқушылар арасында өткен 2024 жылғы әлем чемпионатында астаналық Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында жеңімпаз атанды.

Ол елордадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы.

"Ең жоғары рейтингтік ұпайы (1868) бар шахматшы соңғы турды сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады. Сөйтіп, күміс жүлдегерден 1,5 ұпайға ұзап кетті. Айару қазіргі кезде гроссмейстер Антон Филипповпен бірге жаттығады", - деді Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.