Bugin
Фото: freepik.com
Гүлзарларда суретке түскендерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Енді Алматыда гүлзарларда суретке түскендер жауапкершілікке тартылады. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың әдемі сурет үшін ғана гүлдерді таптауы жиілеген.
"Әлеуметтік желілерде тіркелген фактілерге байланысты департамент Алматы тұрғындары мен қонақтарын сәндік гүлді көгалдандыруға және қоғамдық орындарға қамқорлық жасауға шақырады. Ведомство қолданыстағы заңнамаға сәйкес, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 40 АЕК, ірі кәсіпорындар үшін 100 АЕК айыппұл салынады",- дейді Алматы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Нұркен Ақмырза.
Жеке тұлғаларға алғашында ескерту беріледі. Оны елемегендер 74 мың теңге айыппұл арқалайды.