Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысындағы түзеу мекемесінде өрескел заң бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Прокуратураның мәліметінше, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн-сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған, олардың жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асты.
"№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты Алматы облысының прокуратурасы 361-баптың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық кодекстің 1-бабы (қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша Іле аудандық соты аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті",- деп хабарлады прокуратура.
Сонымен қатар облыс прокуратурасы №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды.