Bugin
Фото: onliner
Үндістанда ер адам қалыңдығын өз қолымен өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz-ке сілтеп.
Жантүршігерлік оқиға Карнатака штатында болды.
16 жастағы қалыңдыққа құзырлы орган тұрмысқа шығуға тыйым салған. Алайда 32 жастағы тұрғын Пракаштың отбасы кәмелетке толмаған қыздың отбасымен Сурлабби ауылында өтетін үйлену тойына келіскен. Қыздың кәмелет жасына толмауына байланысты неке қию рәсіміне рұқсат берілмей, той болмаған.
Ал биліктің бұл іске араласуы күйеу жігіттің ашуын туғызды. Келесі күні ол қыздың үйіне барып, ата-анасын аяусыз соққыға жығып кеткен. Артынша қалыңдығын көшеге сүйреп алып шығып, басын шапқан.
Қазір полиция қанды-қол қылмыскерді іздеп жатыр.