Bugin
Фото: Информатор
Бүгін елімізде дабыл жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігі "ӨРТ-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында тексеріс өтетінін мәлімдеді. Сол себепті сиреналар сағат 12.55-те қосылады.
"Оқу-жаттығуда мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындау мәселелері қарастырылады", – деп хабарлады ведомство.