Bugin

Артында 4 баласы қалды: уколдан кейін көз жұмған әйел туралы не белгілі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Азаттық

Айгүл Сержанова былтыр жыл соңына қарай укол алып, артынша көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы azattyq - қа сілтеме жасап.

Ол тұмауратып, дәрігерден антибиотик салдыру туралы нұсқау алады. 49 жастағы әйел ауылдағы ем-дом бөлмесінде укол салдырып, бірер уақыттан соң көз жұмады.

Оқиға Алматы облысындағы Көксай елді мекенінде болған. Туыстарының сөзінше, сынамасыз салынған екпеден әйелдің ағзасы анафилактикалық шок алған. Марқұмның артында күйеуі мен төрт баласы қалды.

Марқұмның қызы Салтанат Қарабаева "анамның өлімі бойынша іс баяу тергеліп жатыр", - деп наразы. Ол бес айдан бері сот-медициналық сараптамасының қорытындысын ала алмай жүр.

 "Тергеушілер де іс туралы сұрағыма жауап бермейді" , - дейді марқұмның қызы Салтанат Қарабаева.