Bugin

Ақтөбе облысында экс-полиция қызметкері 3 жасар қызды зорлаған деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында 3 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Полиция аталған оқиға бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Түнде бір әйел хабарлама жазып, өзінің 3 жасар қызының зорланғанын айтты. Оның айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған. Үйіне келгенде денесінің ауырғанын, көкесінің тиіскенін айтып, шағым жасаған. Анасы баланы ауруханаға апарған. Дәрігер ануста 2 сантиметр жара барын растаған",- деп жазды Дина Таңсәрі.

Анасының сөзінше күдікті бұрынғы полиция қызметкері болған, тіпті әкімдікте белді қызмет атқарған. 

"Қыздың анасы дереу полицияға арыз берген, бірақ күдікті ақша төлеп, жазадан құтылып кетеді", - деп қорқып отыр. Әйелдің айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері болып, тіпті әкімдікте басшылық қызмет атқарған. Оны ауылдағының бәрі біледі, ол жақта танысы көп. Оның үстіне, анасы тергеу амалдарына баруға қорқады, өйткені ол өз өмірі мен қызының өмірі үшін алаңдап отыр. Қыз психологиялық зақым алған, мұны психолог растады", - делінген жазбада. 

Ақтөбе облысы Полиция департаменті Massaget.kz тілшісіне бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады", - делінген жауапта.