Саясат

Ерте тұрғандар – жұмысқа ерте барады

Жаңа кесте бойынша кімдер жұмыс істейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пилоттық жоба аясында жаңа жұмыс уақытына көшіп жатыр. Бұл туралы ҚРМҚІ СЖҚІҚ агенттігінің қоғаммен байланыс департамент директоры Арман Бердалин хабарлады.

"Агенттік төрағасының тапсырмасы бойынша, біздің мекемеде және оның аумақтық бөлімшелерінде жұмыс уақытының пилоттық режимі енгізіліп жатыр. Жаңашылдық пилоттық режимде енгізіліп, сәтті нәтиже болған кезде өзге мемлекетттік органдарға ұсынылатын болады. Жаңа кесте мемлекеттік қызметкерлерге отбасына көңіл бөліп, өзін дамыту секілді жеке мәселелерге көңіл бөлуге мүмкіндік береді" – деді Арман Бердалин.

Агенттік қызметкерлерінің жаңа жұмыс уақытының үлгісі:

Жұмыс уақыты: 09:00 емес, 08:30-да басталады

Түскі ас уақыты жарты сағатқа қысқарып, тура бір сағат болады.

Жұмыс уақытының аяқталуы:17:30Бұрын мемлекеттік қызметкерлер жұмыстарын 18:30 да аяқтайтын.