Bugin

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 2024 жылдың 16 мамыры мен 18 мамыры аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республика бойынша +25°С дейін ыстық болады.

"Алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік циклонда найзағаймен бірге қатты жаңбыр жауады, 16-18 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік  және солтүстік-шығыс облыстарында 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы +18+25°С-қа дейін көтеріледі, ал кей жерлерде түнде теріс температура сақталады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілсе де, оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ағын ауаны жылытып, ауа температурасы тұрақты болады.