Bugin
Фото: freepik.com
Алматыда оқырмандарына Жапония мен Кореяға виза алып беруді уәде еткен блогер ұсталды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы полициясының мәліметінше, Оған бірқатар алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы өз блогында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдарын үйрететінін айтып, қызметі үшін адамдардан 500 мың теңгеге дейін мөлшерде ақы алған.
"22 жастағы күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген. "Қызметі" үшін алдын ала төлем сомасы 100-ден 500 мың теңгеге дейін болды. Алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40", – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.