Bugin

Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге кімдер демеушілік көрсетті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ТЖМ

Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге демеушілік көмек көрсететін компаниялар аталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бизнес өкілдерінің демеушілік көрсеткенін айтты. 
Кәсіпкерлер мен компаниялар тізімі:

Ақмола облысы бойынша Integra Construction және RG Gold сияқты ірі бизнес өкілдері;

Ақтөбе облысы бойынша "Болат Өтемұратов қоры", "BI Group" АҚ және "ERG" компаниялар тобы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша "Астана моторс" компаниялар тобы, "BI Group" АҚ, "Jusan" банк, "Банк Центр кредит" АҚ, "ҚазАзот" ЖШС, КПО;

Қостанай облысы бойынша "ADD Capital",  "ERG", "Аллюр" және "АгромашХолдинг", "Базис-А", "RG Brands" компаниялары;

Солтүстік Қазақстан облысында "Қазақмыс" корпорациясы, "Каспи.КЗ", "KAZ Minerals" тобы;

Атырау облысында су тасқыны салдарын жоюға Т.Құлыбаевтың, К.Рақышевтің компаниялары көмек көрсетеді.