Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
Жайық өзенінде су деңгейі көтерілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Атырау-Орал автожолында көлік қозғалысына шектеу қойылған.
"Махамбет ауданы тұсында су деңгейі 988 см құрады. Қауіпті деңгей - 850 см",- делінген хабарламада.
Атырау облысы ТЖД мәліметінше, Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында бөгеттерді қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде.