Bugin

Әйелін ұрып келген дипломаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: nemolchi.kz

Қазақстанның Бірікке Араб әмірлігіндегі  елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен "азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Азаптау бойынша іс қозғалды. Қазір оның қайда екенін айта алмаймын. Біріншіден, материалдар сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Сараптаманың нәтижесін күтейік, жауап алу қажет, қазір процессуалды шаралар жүргізіліп жатыр", – деді ішкі істер министрінің орынбасары Лепеха мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, дипломат Сәкен Мамаш әйелінің арызынан соң елге шақыртылып, қызметінен босатылған еді.