Bugin

Демалыс күндері ел аумағында ауа райы бұзылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Демалыс күндері ел аумағына оңтүстік циклон ықпалы сезіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ҚазГидромет РМК 16-18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның ықпалына байланысты тұрақсыз ауа райы күтілетінін мәлімдеді.

16-18 мамыр аралығында жел мен дауылдан бөлек, кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-шығысында 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндіз +18, +25 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.

"Солтүстік пен солтүстік-шығыстың кейбір аудандарында түнде теріс температура сақталады, оңтүстік-батыс ағынының арқасында температуралық фон біртіндеп мамыр айындағы климатқа оралады", – деп жазылған хабарламада.