Bugin
Фото: ҚР ІІМ
2024 жылдың 14 мамырында әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында 3 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Полиция аталған оқиға бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Осы өтініш бойынша жедел-тергеу тобының оқиға орнына дереу шығуы қамтамасыз етілді. Қылмыстық іс тіркеліп, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілді. Сот-медициналық сарапшының алдын ала мәліметтері бойынша, жас баланың жыныс органдарының аймағында дене жарақаттары жоқ. Сонымен қатар, қылмыстық іс полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды",-дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде.
Еске салайық, бұған дейін экс-полиция қызметкерінің 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.