Bugin
Фото: freepik.com
Шымкентте үшінші қабаттың терезесінен баланы лақтырып жіберген ақыл-есі кем ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2 жасар баланың нағашы ағасы сот сараптамаларының қорытындысы бойынша психикалық дертке шалдыққан деп танылып, мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді.
Атылған іс қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта ашық қаралды. Сот отырысы барысында сотталушының ақыл-есі кем күйінде қылмысқа барғаны анықталды. Ол баланың жылағанына ашуланып, терезеден лақтырып жіберген.
"Судьяның қорытындылары куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, бірнеше сот сараптамаларының қорытындысымен расталады. Прокурор Мырзахановты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген іс-әрекетті ақыл-есі кем күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатуды және оған мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараларды тағайындауды және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың ұстанымымен келісті", - деп хабарлады Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.