Bugin
Фото: Бейнеден алынған
Жетісу облысында балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы ұрып, тұншықтырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Тәрбиешінің әрекеті бейнебақылау камерасына жазылған.
Видеода тәрбиешілер 2-4 жас аралығындағы балаларды төсекке жатқызбақшы болған. Бірақ оларды қатты итеріп, шапалақпен ұрған.
Оқиға Панфилов ауданындағы Головацкий ауылында болғаны анықталды.
"Балабақшаның қызметі уақытша тоқтатылды, қазір полиция бөлімінде қажетті сараптамалар тағайындалды. А. және Г. есімді тәрбиешілер жұмыстан босатылды. Іс полицияның бақылауында”, – деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.