Bugin
Фото: видеодан кадр
Еліміздегі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Республика бойынша 61 151 адам өз үйлеріне оралды. 5 365 адам, оның ішінде 2 318 бала эвакуациялау пункттерінде.
"11 270 тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 21,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді", - делінген хабарламада.
Жедел желі телефонына 2261 қоңырау түсті.