Bugin

Соңғы 20 жылда су бармаған: Тасқын су кеуіп қалған көлдерге жіберіліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстандағы Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі деп саналады.

"Қазсушар" мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай-ақ Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр.

Республика бойынша қауіпсіз жерге көшірілген 61151 адам өз үйлеріне оралды.