Bugin

Мектеп басшылығы бухгалтермен бірігіп қомақты қаражат жымқырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері ақша жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды. Олар педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ "өлі жандарға" жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған.