Bugin

Астанада ер адам үйінен мешіт ашқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астана қаласында діни қызмет туралы заңнаманы бұзған 59 жастағы тұрғын жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Діни бірлестіктің заңсыз қызметі туралы полицияға хабар келген. Қабылданған қоңыраудың желісімен астаналық полицейлер Құмбел көшесіндегі жеке үйге жалғасатын ғимарат мешіт ретінде жабдықталғанын анықтаған. Тексеру барысында бөлмеден діни әдебиеттер, тақтадағы намазхана және намаз уақыттары табылып, бөлмеде адамдардың жиналып жатқаны белгілі болған.

Сот отырысы барысында мешіт қалада тіркелген діни ғимараттар тізімінде болмағандықтан, заңсыз жұмыс істеген болып шыққан.

Айыпталушы 184 600 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.