Bugin
Фото: Ақорда
16 мамыр күні президент Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты және олардың орнына жаңа адамдарды тағайындады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Президенттің шешімімен:
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды. Оның орнына Әсет Арманұлы Ерғалиев тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ақан Ақасұлы Рахметуллиннің орнына Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына Қайрат Ермекұлы Омаров тағайындалды.
Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.