Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
Су тасқыны жағдайы бойынша бүгін, 16 мамыр сағат 17:00-дегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Республика бойынша 61 153 адам өз үйлеріне оралды. 5 363 адам, оның ішінде 2 317 бала эвакуациялау пункттерінде.
"11 270 тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 21,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді",- делінген хабарламада.
Ведомство жедел желі телефонына 2261 қоңырау түскенін хабарлады.