Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Видео скрині
Павлодарлық ер адам әйелін кілт жоғалтқаны үшін ұрып-жыққан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тұрғындардың шағымынан кейін полицейлер оқиғаны зерттеген. Олар тексеру жүргізіп, ер адамға әкімшілік материал толтырған.
"Жанжалдасқан ер мен әйел анықталды. Жәбірленушінің арыз жазудан бас тартқанына қарамастан, полиция ер адамға қатысты отбасылық жанжал дерегі бойынша әкімшілік іс қозғаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство әйелін ұрып-соққан ер адамның қашпағанын немесе жасырынбағанын түсіндірді. Полицейлердің жанжалға не себеп болғанын сұрағанда, жәбірленуші есінде ештеңе жоғын айтқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61