Bugin

“Апелляцияға береміз”: Бишімбаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевқа шыққан сот үкіміне наразы екенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Құқық қорғаушының айтуынша, Қуандық Бишімбаев ары кеткенде 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы керек болған. 

"Біз апелляцияға береміз, үкімге шағымдануға ниеттіміз. Қорғаушы судья айтарлықтай процедуралық бұзушылықтарға жол берді деп есептейді",- дейді адвокат Ерлан Ғазымжанов.