Bugin
Фото: Polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер бір отбасыға күш көрсетіп келген бопсалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 миллион теңге бопсалағанын хабарлаған. Шығысқазақстандық жедел уәкілдер бұрын сотталған 37 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстаған.
"Күдікті өз әрекетін мойындаған. Оның заңсыз әрекеттерін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру қаупі төніп тұр. Күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.
ШҚО Полиция департаменті аталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.