Bugin

Қай өңірдің оқушылары жазғы демалыс кезінде оқитыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева су тасқыны кезінде онлайн білім алған 2,6 мың оқушының жазғы мектепке баратынын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq Uni ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

“Төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе облысының 9 мектебіндегі, Атырау облысының 3 мектебіндегі және Солтүстік Қазақстан облысының 5 мектебіндегі оқушылар аралық және қорытынды емтиханнан босатылды. Су тасқыны болған кезде өңірлердегі білім ордалары қашықтан оқыту форматына көшкен болатын. Білім олқылығының орнын толтыру үшін ондағы 622 мектепте "жазғы мектеп" ұйымдастырылады", - деді Наталья Жұмаділдаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Вице-министрдің айтуынша, биыл 9-сыныпты 341 242 оқушы бітіреді. 29 мамыр мен 10 маусым аралығында олар қорытынды аттестаттаудан өтеді. 

“Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 156 мың студент бітіріп жатыр. Колледж түлектері қорытынды емтиханды 28 маусымға дейін тапсырады. 28 маусым мен 1 шілде аралығында диплом тапсыру рәсімі өтеді», - деді министрдің орынбасары. 
 

Сондай-ақ 186 мыңнан астам 11- сынып оқушылары 28 мамырдан 11 маусымға дейін қорытынды емтихан тапсырады.