Bugin

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Бүгін  Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың туған күні. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр Алматы қаласында өмірге келген. Биыл Мемлекет басшысы 71 жасқа толды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы Кемел Тоқайұлының перзенті. Президенттің анасы Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлағанды ұнатпайды. Себебі Тоқаевтар отбасында ерекше дәстүр бар. Мемлекет басшысының отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды. 

Мемлекет басшысы тек 2019 жылы Президент қызметіне кіріскен. Оған дейін білікіті саясаткер түрлі лауазымдарды атқарды.

ҚР Мемлекет басшысы 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірісіп, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралып, 1983 жылы Пекин лингвистикалық институтындағы 10 айлық тіл курстарына қатысу үшін Қытай Халықтық Республикасына аттанған.

Қызмет жолын 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде жалғастырды. Одан кейін Пекиндегі кеңестік елшілікке жолданып, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды.

1992 жылы Президент Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалған. Кейіннен 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Президент 10 жыл бойы осы қызметте болды.

Ал 2018 жылы Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша жылдың "Жыл адамы" лауреаттарының тізіміне енген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сүйікті ісі – кітап оқу. БАҚ-та мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді сүйіп оқитыны айтылған. Бүгінде Президент 10 кітаптың авторы.