Bugin

Семейде жоғалып кеткен балалардың бірі өлі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Семейде бір үйдің балалары жоғалып кеткен. Бауырлардың бірі өлі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірі – Алтынай Әбішева. Қыз баланың мәйіті табылды. Оның денесі қаладан 13 шақырым жердегі "Құрылысшы" профилакториясының маңында судан шығарылған.

Қазір полиция қызметкерлері жоғалған балалардың екіншісі Абзалды іздестіруде. Оның белгілері: бойы 175-180 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ақшыл, оң көзінің астында тыртық бар. Үстінде: қара жеңсіз жилет, көк түсті футболка, қара джинсы шалбар, қара түсті спорттық аяқ-киімі бар.

"Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде, қаланың шеткі аймақтарыында іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді тәртіп сақшылары.