Bugin

"Ескерту жарияланды". Алматыда су тасқыны болуы мүмкін бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласында 16-18 мамыр аралығында қатты жауын-шашын жауатынын хабарлады. Сол себепті өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болу қаупі бар.

Синоптиктер 17 мамыр күні  қатты жауын жауып, найзағай ойнайтынын мәлімдеді. Ал құтқарушылар қала тұрғындарынан аулаларынан өтетін немесе жақын маңдағы арықтар мен каналдарды қоқыстан тазалауды сұрады.