Bugin
Фото: Polisia.kz
Жезқазғанда ер адам мекемеге сараптамадан өтуге кетіп бара жатқан сәтте қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ұлытау облысының полиция департаменті ер адамның өлімін растады.
Ведомствоның баспасөз қызметі 14 мамырда қала тұрғыны полицияға күйеуінің мас күйде жанжал шығарып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлар ер адамды медициналық мекемеге тексеру үшін алып бара жатқанда оның жағдайы күрт нашарлап кеткенін байқаған. Алайда ол көп ұзамай ол қайтыс болды.
Ер адам алкогольдік кардиомиопатия салдарынан жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмғаны анықталды.
"Облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, полиция қызметкерлерінің іс-әрекетінде заңбұзушылық болмағанын анықтады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.