Bugin
Фото: japantoday.com
Жапонияда адам өліміне әкелетін ауру өршіп барады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Inbusiness.kz-ке сілтеп.
Елде гемолитикалық стрептококк инфекцияларын жұқтыру көрсеткішінің рекордтық жоғары санын тіркелді. Адам бойында ауру асқынып кеткен жағдайда қол мен аяқ тіндерінің өлуіне, ақыр аяғында адам өліміне әкелуі мүмкін
Жыл басынан 5 мамырға дейін Жапонияда аурудың 801 жағдайы тіркелді. Өткен жылы, яғни, 2023 жылы "жедел гемолитикалық стрептококкты жұқпалы ауру" деп аталатын 941 дерек анықталған.
"Біраз адамдар ағзасында ондай бактериялар болады, яғни екінің бірі — тасымалдаушы, бірақ бактерия жараға енген жағдайда ауру тез дамып, ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Қолды жуу және жарақат алған жағдайда дезинфекциялау сияқты инфекциялық бақылау шараларын ұмытпаған абзал", - деді Миэ префектуралық ұлттық ауруханасының директоры Киёси Танигути.