Bugin

“Басыңды жарып өлтіремін”: Алматыда оқыс оқиға орын алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда екі қабатты жатақхана отқа оранып, ішіндегі адамдар тірідей өртеніп кете жаздады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТКтелеарнасына сілтеме жасап.  


Тілсіз жау түсте тұтанған. Түтінге тұншыққан тұрғындар өздігінен далаға шыға алмай қалған. Дереу жеткен төтеншеліктер 12 адамды құтқарып қалды. Оның бесеуі — балалар. 

Баспанасы күлге айналған жеті отбасы енді қайда барарын білмейді. Өйткені жатақхананың иесі жұртты ағашпен қуалап, жалға алған бөлмелеріне кіргізбеген. 


Ал тілшілерді көрген жатақхана иесі қаша жөнелген. Кейін тіпті ағашпен ұрып “басыңды жарып өлтіремін” деп қорқытқан.  

"Далада қалдық" деген тұрғындар әкімдіктегілерден де көмек сұраған. Олар сараптама қорытындысын күтіп отыр.