Bugin

Петропавлда мектеп оқушысы 19 жастағы жігітті пышақтап тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Петропавлдағы №44 орта мектептің оқушысы аулада 19 жастағы жігітке бірнеше жерден пышақ сұқты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 15 мамыр күні болған. Петропавлдағы №44 орта мектептің директоры Анастасия Якушеваның айтуынша, 13 мамыр күні білім ордасына ерекше режимдегі арнайы мектептен 18 жастағы бұрынғы оқушылары оралған. Ол оқу жылын аяқтап, емтихан тапсырып, аттестат алуы тиіс еді.

"Ол 13 мамырда келді, мектепте бір күн болды. 14 мамыр күні болған жоқ, ал кеше осындай оқиға болды. Мектептен тыс жерде, аулада ол ересек баланы пышақтаған. Бірақ біз зардап шегушіні білмейміз. Балалардың айтуынша, екі жігіттің арасында келіспеушілік болып, арты төбелеске ұласқан. Төбелестің нақты себебін біз айта алмаймыз, қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді мектеп директоры.

Жаңадан келген оқушы жұмысқа орналасып, құжаттарын алып кетпек болған.