Bugin

Әділет вице-министрі Бишімбаевты мерзімінен бұрын босату шарттарын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жақында ғана соты аяқталып,  24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Қуандық Бишімбаевтың түрмеден ерте шығуы мүмкін бе?", - деген сұрақ көпшіліктің көкейінде жүргені анық. Бұл сауалға жауап берген Әділет вице-министрі бірнеше шарттары бар екенін атап айтты.

Ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың бас бостандығынан айыру орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын шығуына мүмкіндігі бар. Ол үшін белгілі бір талаптар орындалуы керек. Егер қылмыскер түрмеде тәртіп сақтап, заңға қарсы әрекет жасамаған болса, онда ол жазасын өтеп жатқан мекемеге шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады.

Алайда, өтініш бермес бұрын сотталушы жазасының үштен екісін өтеуі керек. Тағы бір маңызды мәселе жәбірленуші тараптың келісімі болу қажет. 

"Иә, бұл іс бойынша жәбірленуші тараптың келісімі қажет. Бірақ бұл, біріншіден, сот шешімінің құзыреті болатынын тағы бір рет атап өткім келді. Екіншісі - осы үкім нақты күшіне енуін күтуіміз керек. Сондықтан, дәл қандай да бір нақты пікір білдіре алмаймын", - деді Жақселекова.