Bugin
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Жаңа заңға сәйкес педофилдерге, қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгермегендерге, Қазақстан тарихынан хабары жоқ азаматтарға да азаматтық берілмейді.
"Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасау, қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деңгейде төл тарихымыздан хабардар болмау секілді қосымша негіздер қарастырылған",- делінген заңда.
Сонымен қатар Заңда халықтың көші-қонына қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да түзетулер көзделген.