Bugin
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысының әкімі болып Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Нұрдәулет Қилыбай Қазақ көлік және коммуникация академиясын және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру", "Қаржы және қаржы құқығы" мамандықтары бойынша аяқтаған.
2020 жылдың маусымынан 2022 жылға дейін Ақтау қаласының әкімі болып қызмет атқарды. 2022 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып сайланды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.