Bugin

Елімізде қанша адам банкрот деп танылғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Елімізде 11 мыңнан астам адам банкрот деп танылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Банкрот деп танылғандардың жалпы берешегі 25 млрд теңгеден асқан. Тағы 5 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралып жатыр. Нақты жауабы 6 ай тексерістен кейін белгілі болады. 

Алайда, ресми түрде "банкрот" статусын алмай жатып, арызын қайтарып алғандар да бар. Бір жылда 1000-ға жуық адам өз өтінішін кері қайтарған. "Банкрот" деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Сондай-ақ оның қаржылық жағдайына 3 жыл бойы бақылау жүргізіледі.

 

@qazaqstantv