Bugin

"Бос патрондар атылады": Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда 2011 жылы Таразда болған оқиға желісі бойынша көркем фильм түсіріліп жатыр. Алматы полиция департаменті түсірілім жұмыстарына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

 

"Алматы полиция департаменті қалада 2011 жылы Тараз қаласында болған оқиғаға қатысты "Капитан Байтасов" көркем фильмі түсіріліп жатқанын хабарлайды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта Алматы полиция департаментінде түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды. 

"Түсірілім кезінде бос патрондар атылып жатқан көріністер болады (16:30-дан 19:30-ға дейін). Осыған байланысты, азаматтарды сабырлылық пен түсіністік танытуларын сұраймыз", - деді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.