Bugin
Фото: freepik.com
Астанада 8 тұрғын террористікпен айналысқаны үшін сотталды. Олар сот үкімімен 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметі террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды жоспарлағанын айтты. Топ жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдеген.
"Астана қаласының прокуратурасы исламдағы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады", - делінген хабарламада.